02.12.2021
143
ТАБЫСПАҒАН ТАҒДЫР
Апамның қызы арғы бетке (қазақсианға) кетіп,
сол жақта көз жұмыпты.
Апам да арманда дүниеден өтті.
Қойнынан ұшқан балапан,
Сипамай маңдай алақан.
Қызым деп жүріп көз жұмдың,
Жиырма жыл жылап жан апам.
Кетіпті ерте боташың,
Тауысып ырызғы тоқашын.
Көре алмай тірі, аттандың,
Арманда қайран апашым.
“Келе ме?” бір күн деп ботам,
Жиырма жыл күтті текті апам.
Жер бетінен таба алмай,
Жер астына кетті апам.
Терексің, бірің – Шынарсың,
(Шындыққа пенде шыдарсың).
Қызыңды апа бақидан,
Тауып та алған шығарсың!..