02.12.2021
272
Жыламашы Аяулым
Жыламашы, жыламашы, аяулым,
Қабағыңа қондырмашы қаяу мұң.
Бір бақытым алда күтіп тұр шығар,
Жыламашы жазыламын таяу күн.
Жазмыш солай көз жасыңды көрмейді,
Көрмек түгіл көз жасыңа шөлдейді.
Бір бақытым алда күтіп тұр шығар,
Жыламашы, жарың әзір өлмейді.
Қарызы бар ақ сүті асыл ананың,
Еркелеткен елдің туған даланың.
Бір қарызын мен солардың ақтамай,
Қайтып жаным қамсыз ұйықтап қаламын ?!
Жыламашы, жазыламын таяу күн.