02.12.2021
190
Дәрігерім
Кесіп бір – ақ айтпайсың кеселімді,
Қайтармайсың қашанда меселімді.
Аяймын деп жүрмегін алдап мені,
Айтып өлтір, айтарым: мешеліңді!
Бір сұмдықты сұрамай біледі ішім,
Ол үшін тек жоқ саған ренішім.
Арашалар аурудан айлаң болса,
Дәрігерім, дәрменсіз жүремісің?
Қонбаған соң амал не дәріге емің,
Қайтар мені қаңтармай дәрігерім!
Туған жердің тау – тасы, құрақ – талы,
Бұлақтары...қимасым бәрі менің.
Жастығымды жарамас бос құшқаным ?!
Тулап жатыр бойымда жас күш, қаным.
Дәтім саған: Дәрігер, қайтар мені,
Сағынып қалған шығар дос- дұшпаным.
-Қор болудан мына сен қорқасың ба?
-Қорқарым жоқ! Қормалым ол қасымда!
Енді қалған өмірді өксітпей- ақ,
Өткізейін солардың ортасында.