meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.12.2021
  194


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Емханада

Ойхой, шіркін, дүние!
Түнеріп тұрсың алдымда.
Қасіретіме кім ие?
Қызығымнан қалдым ба?!

Тал едім жаңа көктеген,
Мезгілсіз қурап қалғаным.
Көп еді-ау, әтең көксеген,
Көкірек толы арманым!
***
Сипаймын деп сыртынан,
Ауыртып алдым жарамды.
Көзімді жауып бір тұман,
Айналам тастай қараңғы.

Палатам іші тұңғиық,
Дәрі иісі мұрын жарады.
Аурулар үні қым-қиық,
Жанымды мұжып барады.

Бермеді жаңбыр желдетіп,
Терезеге де бір тыным.
Ауру мен қиял меңдетіп,
Айқаспай жатыр кірпігім.





Пікір жазу