02.12.2021
  139


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Туған жер – ай

Десем неге саған ұлың зар екен!
Туған жер-ай, сенде ұлың бар екен.
Аспан асты кең болса да қаншалық,
Сенен басқа жерлер маған тар екен.

Тағдыр сенің батпағыңа бір батқам,
Уақыттың да жоқ қой жері жырғатқан.
Сенсіз өткен күндерім де көңілсіз,
Сенсіз құрмет таптым десем құр мақтан.

Сенің бір тал бетегең мен жусаның –
Маған қымбат, суыңды ішпей сусадым.
Ақын болып кетпегенде қайтесің,
Саған деген сағыныш жыр туса мың?!

Туған жерім Ақбұлағым – ақ мекен,
Маған қымбат тұғыр сенсің тақ мекен.
Қаңғып кетіп қайтып келдім қойныңды аш,
Алтын мекен, арман мекен, бақ мекен!





Пікір жазу