02.12.2021
  527


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

МАСКА

Саусағыммен түртіп қалдым аспанды,
Отын жақты, жасқанды...
Шешіп қойып жатыр едім маскамды,
Бетім жатты тастанды...
...Айды түрттім құламады еш төмен,
Білмейді екем ештеңе.
Біреу көкте жазып отыр бір өлең
Кроссвордтағы кестеге...



Ақберен Елгезек,
«Кроссворд»,
«Жас Алаш», №104, 29.12.2011.



Қаламыммен түртіп қалдым қағазды,
Бір жаңылтпаш жазылды.
Нөлдер қосып жыпырлаттым саны азды,
Қыс жасадым жазыңды.
«Саусағыммен түртіп қалдым аспанды» –
Қара бұлттан сөз жауды
Түртіп қап ем ұйықтап жатқан мастарды
Өлең айтып қозғалды.
Түртпек едім Айға қолым жетпеді,
Арыстандай мерт болдым.
Тұтқынына айналыппын көктегі
Милау кроссвордтардың.
Жыр әлемге байланғаным бекер-ді,
Тұңғиығын кешпеппін.
Саусағыммен түртпек едім шекемді,
Маскамды әлі шешпеппін.





Пікір жазу