02.12.2021
691
АШУЛЫ ЖЫР
«Талпынды шабыт құс сынды,
Бойкүйездікті тасқа ұрды.
Көк тіреп ернім үстіңгі,
Жер тіреп ернім астыңғы...»
Зейнолла Әкімжанов,
«Шабыттың оты»,
«Жұлдыз», №8, 2011ж.
Ашуым сел боп ышқынды,
Сабырды сілкіп тасқа ұрды.
«Көк тіреп ернім үстіңгі,
Жер тіреп ернім астыңғы».
Қанымда долы шоқ барда,
Жарылуға да шақ қалам.
Шабытым келген шақтарда
Ашулы жырды ақтарам!