02.12.2021
  130


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ЕПТЕГЕН МІН

...Ептеген мін,
шіркін-ай, ептеген мін!
Сен болмасаң
Шындық сол – шектелермін!
Хор қызы да сүттей ақ күй кешпепті,
Періште емен!
Бірақ та... деп келермін!
Көктем күнім!
Сен мені, сөкпе дермін!


 


Әміре Әрін,
«Тамызық»,
Алматы-2004 ж., 128-бет.



Бойымда ақындығым ептеген мін,
Сөздерді жіктегенмін, септегенмін.
Пысықтық, еңбекқорлық арқасында
Көрпеше қара өлеңді көктегенмін.
Бойымнан табылады ептеген мін,
Қой бағып, ешкіге де шек дегенмін.
Кенеп ап тамағымды керек десе,
Оңаша талай қызды ептегенмін.
Жарасар шіркін, маған ептеген мін,
Өкініш – поэзияда өспегенмін.
Мейлі ғой, кітаптарым шығып жатыр,
«Тамызық» – жылтыраймын, өшпегенмін.
Көтерер өстіп мені ептеген мін,
Мінімді сезгендерді жек көрермін.
Журналист, әнші, ақын, әртіс, бастық –
Осылай талантымды беске бөлдім.
Бойымда жоқ дей алман ептеген мін,
Сосын ғой көп мақсатқа жетпегенмін.
Әр сала, әр аймақта тел өскен соң –
Ептеген мінімді, жұрт, сөкпе дермін!





Пікір жазу