02.12.2021
129
* * *
Кезің қайда сезімге таңданатын,
Сезім қайда көзіңе арбалатын.
Сол сәттерді шарқ ұрып іздеумен жүр
Алматыда адасып қалған ақын.
Енді қайдан жырыма от алармын?
(Сырларыңа шөлдермін, қаталармын).
Алматыдан жүргендей құтыла алмай,
Алды артыңа қарамай кете бардың.
Тұтата алмай сол өртті кешегі өшкен,
Сен де мәз боп жүрсің бе бос елеспен?
Жарқ еткізіп қоясың анда-санда,
Жұқанасын бір сырдың смс-пен.
Әрі-бері сабылтып салқын нөпір,
Біздің бақыт есіктің артында тұр.
Сағым болып кетпегей деп тілеймін,
Арамызды жалғаған алтын көпір.