meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.12.2021
  153


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

* * *

Шұғыласы күннің
әлде айдың нұрысың.
Көркің көздің қандырады құрышын.
Ақ төсіңе есім ауып қараймын
Шырқау көктен көргендей боп шың ұшын.
Шөгіндідей шым жоғалып лай мұңы,
Тербеледі сезімнің пәк айдыны.
Оқыс ойдан оянса егер толқыны,
Аялаумен тыншытады ай нұры.





Пікір жазу