01.12.2021
  304


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылыңмен інім!

Жаңа жылың құтты болсын жан інім,
Шуағына бөлей түссін әр күнің.
Арманың мен мақсаттарың үндесіп,
Орындалсын шуақ шашып таң нұрың.

Жаңа жылың қуанышпен тербесін,
Жаңа күнің шаттығымен емдесін.
Бұл жаңа жыл қуандырып бауырым,
Қиындығын аулақ етсін, бермесін.

Алла жар боп мықты болсын саулығың,
Жаздай жайнап, жадырап бұл тағдырың.
Жаңа жылдан жаңа жылға жете бер,
Әуеніне бөлеп сені ән, жырың.





Пікір жазу