01.12.2021
  385


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жыл құтты болсын Қарындас!

Қарындасым, қарлығашым баға жетпес,
Құтты болсын жаңа жылың келіп жеткен.
Жаңа жылда орындалып армандарың,
Көп болсыншы күндерің күлімдеткен.

Жаңа жылдың ақ таңы нұр сыйласын,
Жаңа жылдың тәтті әні жанды баурап.
Қуаныш пен шаттығың ортаймасын,
Сәттілікті сәттілік таңы жалғап.

Ашық болып аспаның, жарқырай түс,
Жүзіңнен нұр төгіліп қарындасым.
Алла өзі жар болып әрқашанда,
Мендік айтқан тілекті қабыл алсын!





Пікір жазу