01.12.2021
  469


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылыңыз құтты болсын аға!

Келді міне жаңа жыл есік ашып,
Құтты болсын жан аға жаңа жылың.
Қуанышқа, шаттыққа жетелесін,
Ағатайым, бауырым жаңа күнің.

Жаңа күнің бақытқа бастасын тек,
Саулығыңды тілеймін сізге үндеп.
Ағатайым, жанашыр бауырым сен,
Амандықта жүрші әркез сен күлімдеп.

Қуанышың, шаттығың ортаймасын,
Жақындарың, отбасың аман болып.
Жаңа жылда жаңа табыс орын алсын,
Шаңыраққа таусылмас бақыт қонып.





Пікір жазу