01.12.2021
  405


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылыңыз құтты болсын ӘКЕ!

Рахмет әке, махаббатпен үн қатасыз,
Рахмет әке, жақсыны бізге құмартасыз.
Мейірімді жүрекпенен еркелетіп,
Әуелетіп әніңізбен жырлатасыз.

Жаңа жылда тілеймін сізге жақсылықты,
Өміріңіз жанданып, құлпырсын деп.
Ұл-қызыңның қызығын тойлай әке,
Немерені ойнатып, жүр күлімдеп.

Бұл жаңа жыл қуанышын сыйлай берсін,
Асқар тауым өзіңсің әкетайым.
Бар жақсыны сіз үшін жинай берсін,
Жаңа күнің бақыт сыйлап жоқ боп уайым.





Пікір жазу