01.12.2021
  546


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылыңызбен анашым!

Келді міне жаңа жыл нұрын шашып,
Анашыма шаттығын, гүлін шашып.
Жаңа жылың құтты болсын жан Анашым,
Жүрейікші қуанышта жымыңдасып.

Бұл жаңа жыл қуанышын сыйласын тек,
Мейірімді жүзіңізді күндей тербеп.
Бар қиындық анашым артта қалсын,
Жаңа жылдың шаттығы сізді емдеп.

Көктемдейін құлпырсын жан дүниеңіз,
Жаздың жайма күніндей нұрын шашып.
Алтын күздей жарқыра жан Анашым,
Әр жаңа жыл қарсы алып, құшақ ашып.  





Пікір жазу