meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.12.2021
  267


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ӘППАҚ ӘЛЕМ

Сен сүйген әуен жанды баурайды,
Сағыныш – сезім тамызып.
Далада әппақ қар қылаулайды,
Қайыңдар үнсіз қамығып.
Көмеймен ішкі қосылып әнге,
Сейілткендеймін мұңымды.
Бетіне қардың көшіріп әлде
Жазып шықсам ба сырымды...
Сорабындай боп соқпақ өлеңнің,
Көңілге із салды кестелі ой.
Құшағына еніп әппақ әлемнің
Айналып құсқа кетсе ғой...





Пікір жазу