01.12.2021
182
ЭЛЕГИЯ
Заман билік жасайтынын күштіге
Меңзеу етіп барады өтіп қыс, міне.
Түн ортасы тірілемін
тұрғанда
... Жұлдыз тамып Алматының үстіне.
Жүректегі сызын басып жараның
Осы шақта сені ойлаймын, қарағым.
... «Қазақстан» қонақ үйі жанып тұр,
Төмен жақта тәжіндей боп қаланың.
Жоғарыда бара жатыр ай маңып,
Жұлдыздар тұр биігінде ойланып.
Көктөбеде бір жан отыр сәл мұңлы
Алматының ақ көркіне таң қалып.