01.12.2021
145
* * *
Мендегі сезім билігі өр,
Жалғаннан қанша суыдым.
Сүйдірер, кейде күйдірер
Күлте жал құлын қылығың.
Көктемде гүлдей құлпырып,
Жүректі қанша өртедің.
Ұмсынып, кейде ұмтылып,
Іздедім талай дерт емін.
Таптым ба, жауап кім айтар,
Жымиысыңмен жылыдым.
Қуантар кейде мұңайтар,
Күлте жал құлын қылығың.