01.12.2021
  136


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

СЕНІ ІЗДЕЙМІН

Қарқараның суынан
Қанып ішпей шөлдедім.
Жат жандай боп суыған
Уәдеңді бермедің.
Мән қоймадың тілекке
Көкірекпен ұғынып.
Қаяу салдың жүрекке,
Қырық мәрте құбылып.
Қарқараның суындай
Тасып... бірде басылып,
Жүрсең-дағы
суынбай
Сені іздеймін асығып.
Кәусарыңнан, қарғам-ай,
Қанып ішпей шөлдедім.
Зарықсам да, жалған-ай,
Уәдеңді бермедің.





Пікір жазу