01.12.2021
  127


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ТҰЛА БОЙЫҢ ТҰНҒАН ШЫРАЙ

И лицо с внимательными глазами,
с трудом, с усилием, как открывается
заржавевшая дверь – улыбнулось...
Л. Толстой «Война и мир»



Сағыныш әбден сезілді дер күн
Кездесейік деп сөзіңді бердің.
Дәл осы сәтке шаттығын арнап
Күлімдеп тұрған көзіңді көрдім.
Ғашық қып саған өзімді, күнім,
Арнап ем небір сөзімнің нұрын.
Күлімсіреді көзіңмен бірге
Жарасар ғажап көзілдірігің.
Өкпесін алып өткен күн менен,
Мұңнан да біраз шектелдім дер ем.
Тұла-бойыңмен нұр боп қиылып,
Ернің де күлді көптен күлмеген.
Қимасам-дағы қызығын мұңлы,
Уақыт жастық жүзімін жұлды...
Жымиғаныңда өзіңмен бірге
Саусағыңда әсем жүзігің күлді.
Тыңдасақ бірге сырлы әнді, күйді,
Нұрлы сезімге иландық игі.
Қуанғаныңда қосылып саған
Құлағыңда әйбат сырғаң жымиды.
Минуттар зырлап, сағаттар жүрді,
Күлді әлем, көше, ағаштар күлді.
Байқайтын жандар бар ма екен, сірә,
Тек екеумізге жарасқан мұңды?!





Пікір жазу