01.12.2021
  1051


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

АЛПЫСҚА АРНАУ

Қуат жездеме



Жібек мінез, шапай мұрт Қуат жездем,
Балдыздарға бал сусын суат жездем.
Қайынжұрттың қарымын ұзарта бер,
Үйір болмай көп сөзге құлақты езген.
Қу тілденіп кетеді қуларға ерсе,
Атымтай боп кетеді думан берсе.
Қолы қышып тұрады кірпіш көрсе,
Тілі қышып тұрады Құрман көрсе.
Әзіл-күлкі жарасса жалғайды ойды,
Таңдағанды кей кезде талғам жойды.
Адалдығымды Албанға танытам деп,
Әлмеректен басқаны алмай қойды.
Құтты болсын бүгінгі алпысыңыз,
Алпысыңыз – ел айтқан талтүсіңіз.
Бітірдім деп көп нәрсе отырсыз ғой,
Бітпеді әлі біздіңше жарты ісіңіз.
Талай қызық түседі еске біздің,
Көңілдерде сақталсын көшкен ізгі үн.
Алшаң басып алпыста жүргеніңіз –
Арқасы ғой үйдегі әпкеміздің!





Пікір жазу