01.12.2021
  348


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ТӘЖІК ҚЫЗЫНА

Бақыт құсы басыңа кеп қона ма,
Қазақ жері бақ-тұрағың бола ма?
Елеңдейсің емшектегі ұлыңа,
Елің қайда, жұртың қайда, Санома?
Сұрағыма жауап бердің керіспей
(Таңданады маған қарап таныс кей)
Жан-жағыңа жаутаңдайсың, Санома,
Кеп қалардай әзірейіл полицей.
Алаңдайсың – полицей кеп қала ма,
Тапқаныңды санап, тартып ала ма?
Тәжікстан тәрк етті ме ел-жұртын,
Отаныңнан неге бездің, Санома?
Елеңдейсің емшектегі балаңа,
Алаңдайсың алыстағы анаңа.
Жат топырақ саған жұмақ бола ма,
Еліңе қайт есің барда, Санома.





Пікір жазу