01.12.2021
  97


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

РӘБИҒА АПАҒА

Тойыңыз құтты болсын, Рабиға апа,
Маған да шеше орнына табиғы апа!
Осындай мерекені тілеймін мен,
Жиналған қуанышқа жамағатқа.
Немерелер бүгінгі жанашырың,
Қамқорысың балаңның баласының.
Елін сүйген ер болсын ертеңгі күн
Тілашарын жасаған Ерасылың!
Немерелер көбейсін, шөберелер,
Шуағына шаттықтың бөлене бер.
Сіз бұйрық беріңіз: бала тап деп,
Аймарадай келіндер көне берер.
Бәйгі беріп бала көп туғандарға,
Көбейіңіз қол созып нұрлы арманға.
Келіндерің қиналса ештеңе емес,
Қабырға жеткізе алмай Құрмандарға.
Ортаймасын ұрпақтың дәулеті мың,
Салтанатты жайнасын сәулетінің.
Рабиға апа, осылай ұзақ жаса,
Ырысы боп Әріпжан әулетінің!





Пікір жазу