30.11.2021
  178


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа 2022 жылыңызбен!

Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін,
Жолың оң боп бақытын таба берсін.
Екі мың жиырма екінші жаңа жыл бұл,
Шамнан шырақ жарық қып жаға берсін.

Жаңа жылмен қуаныш бірге келсін,
Қыдыр ата үйіңе, төрге енсін.
Қуаныштар орналып, бар жақсылық,
Әрбір адам бақытын таба берсін.

Бұл жаңа жыл табысты жылға айналсын,
Алла жар боп амандық, саулық болып.
Отбасы мен ошақ қасы аман болсын,
Ел-жұрт аман, тыныш бейбіт заман болып.





Пікір жазу