30.11.2021
201
ҚЫСТЫҢ БАСЫ
Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай,
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.
Абай
Кегеннің сырқатымды желі емдетіп,
Ауылдан Алматыға келем бекіп.
Қараша қарайлай ма деп жүргенде
Желтоқсан жетіп келді жеделдетіп.
Кез қайда кешіп жүрген кеше шықты,
Келеміз тоздырумен неше есікті.
Сар түсі сағынышқа бас ұрғызған
Көруші ем күзді жақсы – өте шықты.
Кегеннің керім желі білем ерке,
Мінезін көрсетеді түрегелсе.
Қатқақсып қара жолға көз саламын,
Бірі – жай, қыстың басы біреуі – ерте.