30.11.2021
134
* * *
Естісе де құзғындардан өктем үн,
Сезінсе де қыстың аяз, өкпегін,
Қар астында жаншылса да тұрмастай
Көтеріліс жасайды ертең көктемім!
Мұз құрсаудан суырып ап кемесін,
Қызғалдақпен өртке бөлеп белесін,
Көптен бері күтіп жүрген көктемім,
Көтеріліс жасайды ертең көресің!
Қара жер мен жасыл орман тірегі,
Солып, өліп жоғалған жоқ гүл елі.
Көтеріліс көшін ертең бастайды,
Бас көтеріп бәйшешектер түмені.
Көбесінен сөгіледі қар енді,
Шапағымен оятады таң елді.
Дүр сілкіну жақпағанмен дүрлерге,
Көктем келіп өзгертеді әлемді.
Сезінсе де қыстың аяз, өкпегін,
Қар астында жаншылса да тұрмастай
Көтеріліс жасайды ертең көктемім!
Мұз құрсаудан суырып ап кемесін,
Қызғалдақпен өртке бөлеп белесін,
Көптен бері күтіп жүрген көктемім,
Көтеріліс жасайды ертең көресің!
Қара жер мен жасыл орман тірегі,
Солып, өліп жоғалған жоқ гүл елі.
Көтеріліс көшін ертең бастайды,
Бас көтеріп бәйшешектер түмені.
Көбесінен сөгіледі қар енді,
Шапағымен оятады таң елді.
Дүр сілкіну жақпағанмен дүрлерге,
Көктем келіп өзгертеді әлемді.