30.11.2021
  175


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

АЛМАТЫНЫҢ КЕМПІРЛЕРІ

Көрікті ойды құртады ізгі,
Сыйласаң да
жасын кәрі,
Сұйық шашы –
қыл тәрізді
Жалмауыздың басындағы.
Сана шошып
сырқырайды,
Көз алдыңнан ұшқанда елес:
Боялған шаш бұрқырайды,
Жалмауыз да, мыстан да емес.
Назарың сал,
қара, кәне,
Барша құрмет жоғалады.
Бүкең қағып, барады әне,
Басында жоқ орамалы.
Шалбар киіп ері құсап
белгілі ғой сый табары.
Үйітілген тері құсап
қызарады құйқалары.
Көрмейді
Олар
ерсі мұны,
Айта алады бес тілде өсек.
...Әжелердің көркі, нұры,
Емге бүгін
жоқ кимешек!
Уақыт өтер.
Кім жоғалмас?!
Аянышты – өң-түрлері.
Шашын жаппай жүр жалаңбас,
Алматының кемпірлері.





Пікір жазу