30.11.2021
116
ТҮҢІЛУ
Арқалап азапТанталдай,
Ербиіп жүрміз тал-талдай.
Қазіргі ғаріп қалпымыз –
Сүйенген оққа арқардай.
Жыр емген бізге күй емген,
Көмек жоқ иең, киеңнен.
Таяныш қылған қаламды –
Арқармыз оққа сүйенген.
Басқа өрлеп зорлық кеселі,
Үміттің жібін кеседі.
Қаңтардың қалың қарындай
Маңдайда сор тұр бес елі.
Апандар жұтып арманын,
Ұшырып оққа ардағын.
Қапқалы келе жатырмыз,
Жаһанданудың қармағын.