30.11.2021
  165


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

АЛҚАШТАР

Бойларын жын буған,
себепсіз шыңғырған.
Ләззат алады
ырдудан, дырдудан.
Жабысып сорға нақ,
жанарын шел қамап.
Ұмтылар шишаға
сілекей сорғалап.
Дауыстар гүрілдеп,
көздері іріңдеп,
Бір-бірін білеуге
білектер түрілмек.
Қанбай бір шөлдері,
Маңдайлар терледі.
Өлексе сасиды,
Өңезіп демдері.
Орынсыз жыртыңдап,
ырқылдап, қырқылдап,
шаршайды,
құлайды
арттары тырқылдап.
Ой-ниет семеді,
ертеңін көмеді.
Алқаштар әр түні,
тірідей өледі!





Пікір жазу