30.11.2021
143
БАҒЫТ
Артын ашып, түкіріп қоғамына,
Ар-ұяттың қарамай обалына,
Ышқыр кетіп барады төмен қарай,
Етек кетіп барады жоғарыға.
Құбыжық бір түске еніп ала-құла,
Құтырынып билейді қала мына.
Кедей түсіп барады ылди жаққа,
Байлар ұшып барады жоғарыға.
Зарын айтып запыран заманына,
Мұң шағады ақындар қаламына.
Ұят жылжып барады етек жаққа,
Ұятсыздық ұмтылып жоғарыға.
Бұдан асқан қасірет болады ма,
Тығылады бір өксік тамағыңа.
Адам құлап барады төмен қарай,
Надан самғап барады жоғарыға!