30.11.2021
152
КӨЗІМДІ ІЛСЕМ...
Маған деген тағдырдың ішкі есебі
Жүрегімді үш тіліп,
үш кеседі.
Қиналғанда жабығып,
жан анашым,
Көзімді ілсем көремін
түсте сені.
Жанға сеп қып тірліктің жалған уын,
Қаншама екен қапыда қалған күнім.
Көзімді ілсем тұрасың
анау қырда
Ағараңдап басыңда ақ жаулығың.
Бір көрініп,
көрінбей
түрің анық,
Бағытыңды жүресің Құбыла қып.
...Ертеңгісін жатамын есеңгіреп,
Көз жасымды
күрсініп,
сығып алып...