29.11.2021
359
Автобусқа отырған бір оқушы кондуктордан екі билет сатып алады.
Кондуктор одан: «Балақай неге екі билет алдың?» деп сұрайды.
Оқушы: «Біреуін жоғалтып алсам, екіншісін көрсетемін» - деп жауап береді.
Кондуктор: «Ал екіншісін жоғалтып алсаң ше?»
дегенінде бала: «Онда менде "проездной" бар» деп қалтасынан бір айға арналған жол жүру билетін көрсеткен екен.