28.11.2021
  533


Ерлі-зайыптылар демалысында

Ерлі-зайыптылар демалысында палатка, керек жарақтарын алып табиғатқа шығады. Демалыстарының екінші күні кешкісін жақсылап тамақтанып ұйқыға батады. Бірнеше сағаттан кейін әйелі күйеуін оятады. Күйеуі ұйқысын бөлгеніне ренжігендей болып “Не болды, неге ояттың?” деп сұрайды. Әйелі үрейлі дауыспен:
- “Жоғарыға қарашы, не көріп тұрсың?” деп сұрайды.
Күйеуі аспанға бір қарап жауап береді:
- Осыған бола ояттың ба мені? Ал қарадым, миллиондаған жұлдыздарды көріп тұрмын.
- Жарайды бұлар саған нені көрсетіп тұр?
Әбден ұйқысы ашылған күйеуі кішкене ойланып тұрып былай жауап береді:
- Теологиялық жағынан қарағанда Құдайдың құдіретін және өз әлсіздігімді көріп тұрмын. Философиялық тұрғыдан қарағанда аспанның шексіздігін және оның алдында өзімнің түкке тұрғысыз екенімді көріп тұрмын. Астрономиялық жағынан галактикалардың, жұлдыздардың, планеталардың бар екенін көрдім. Ал жұлдыздардың орналасуына қарап арыстан шоқжұлдызына кіргенімізді және сағаттың түнгі 3 болғанын көріп тұрмын. Метеорологиялық тұрғыдан да ертең күннің ашық болатынын көріп тұрмын. Түннің ортасында неге сұрадың бұларды? Жарайды, ал енді сен айтшы, бұл саған нені көрсетіп тұр?
- Маған палаткамызды ұрлап кеткенін көрсетіп тұр...





Пікір жазу