5,6 күнге қонаққа кеттім құрбыма. Енем звондап уже бірнеше күн үйіңде жоқсың ғой деді. Қалжыңдап “балаңыз ренжітті, кеттім” дедім. Сосын 2,3 күннен соң үйге келдім. Ертесіне ата-енем кеп 1 сағаттай болды да кетті. Кухняда күйеуіммен сөйлесті, маңызды шаруа екен деп араласпадым. Түн болды. Ұйықтар алдын барлық бөлменің жарығын сөндіріп жатсам күйеуім “КУХНЯНЫҢ ЖАРЫҒЫН СӨНДІРМЕ. Әкем: “БҰЛ ШАҢЫРАҚТЫҢ ЖАРЫҒЫН ЖАҚҚАН СЕН ЕНДІ ОНЫ СӨНДІРМЕ!” деп айтып кетті жаңа. Енді мүлдем өшірме деді. Орысша оқыған күйеуім сөздің мағынасын түсінбеген ғой? Мен күле-күле ішім ауырды. Сосын енеме звондап, “мама сізбен қалжыңдасып едім ғой, не уайым” десем, енем “О Құдайым ай, сені шын айтты деп атаңа ұлыңа шаңырағының отын сөндірмей отырсын деп айт дегем ғой” дейді. Мен баласының сөзін айтып енем екеуміз ой күліп алғанымыз бар?
28.11.2021
1360