28.11.2021
  261


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

СЕН СЕНІМ АРТҚАН...

Алдыңғы топқа жете алмай,
Артқыдан ұзап кете алмай
Келе бір жатқан пендемін,
Күрмеуін тағдыр шеше алмай.
Кең қанат жайып Кегеннен,
шыққанымда ұшып еленгем.
Елімнің артқан сенімін
еңселі жасап келем мен.
Менсінер деумен мені кім,
Кетілдім талай, кемідім.
... Асқарға бірақ бастады
ақ ұлпа сенің сенімің.
Жібермей жатқа есені,
Өркенім көктей өседі.
Сен сенім артқан бұл ақын
Арманға бір күн жетеді!





Пікір жазу