28.11.2021
286
ҚАЙРАН АҒА
Өрден қырға,
Көктен жерге түсіп кеп,
Күміс қанат жырларымен ұшып кеп,
«Жетісудың» бөлмесінде желпініп,
Өлең оқып тұратұғын Нүсіпбек.
Қайран аға қолын сермеп айбынды,
Жеңілдетіп, ауырлатып қайғыңды,
алаңдайтын ертеңіне елінің,
Жайып салып болмысына сай мұңды.
«Өрісіңді өрт алғанда ез қыстар,
Өстіп үнсіз отырсыңдар жазғыштар.
Әділет жоқ бұл заманда әзірге
Билік құрар күн бар ма? – деп –
жазмышқа Ар?!»
Шерін төгіп осылайша шерлі Аға,
Көп арманын кетті бірге көрге ала.
Сондай ұлын сең соққандай іздеп жүр,
Асқар таулар, айдын көлдер, кең дала.