28.11.2021
128
МҰҢ
Өлеңнің шоғын үрлеумен,
Қысқа бір жіпті күрмеумен,
Күн кешіп жүрген ақынның
Жүрегін тербеп жүр кеудем.
Саясат емес, жыр ұнап,
Өлеңнен жасап ұжмақ,
Кеміріп қағаз отырам
Бозала таңнан тұрып ап.
Қалада қызық қайнаған,
Қол емес бірақ ол маған.
Беліме шоқпар байламан,
Момақан ғана ой бағам.
Сотқа да түстім, отқа да,
Жабылып жақты жат жала.
Шырқырап жүрген әз басым
Шырылдап сыйды ноқтаға.
Өмірден көрмей бал, сыйды,
Кеңсірік ашып, қаңсиды.
Ұшпаққа шықпас ұрпақты
Көргенде жүрек шаншиды.