28.11.2021
  143


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ІЛЕНІҢ МҰҢЫ

Қала канализацияларынан
жіберілген лас су шайындылары Іле
өзенінің экологиялық тазалығына
орасан зиян келтіруде.
(Газеттен)



Шайтан дүние шыр айналуда,
Тазалық деген былай қалуда.
Сорбұлақ көлі сор боп жабысып,
Іленің суы лайлануда.
Жанары жәудір налып қарады,
Құмығып шықты жабыққан әні.
Қолынан келер қайраны болмай,
Қайран дария ағып барады.
Теріс бұрылып таң шашын өрді,
Жан-жануары қан сасып өлді.
Нәжіске толды арнасы мүлде,
Не бетін айтар Балқашына енді?
Күн қайда азуын айға білеген,
Осы ма тағдыр ойраны деген?!
Неге келдім? – деп... өртене жаздап,
Ағып барады қайран ұлы өзен.





Пікір жазу