28.11.2021
  174


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

КҮЗ РЕҢІ

Күннен-күнге қабаржып күз реңі,
Көк жүзіне тырналар тізіледі.
Ақ қайыңның тәнінен талмаусырап,
Сарғаймаған жапырақ үзіледі.
Ызғардың да ықтырып ығыр демі,
Тым ертелеу қымтайды түн іргені.
Бозаң тартып жүресің өткенді ойлап,
Болар шақты болжамай күн ілгері.
Жадау тартып жабырқау жауыр қырлар,
күрсінгендей...
Көңілде ауыр мұң бар,
Жүзі жарқын жандар да жүдегендей,
Төгілмейді дәптерге тәуір жырлар.
Сырғи-сырғи сездірмей күз де өтеді,
Жанға жақын біреуді іздетеді ...
Тағдыр қатал болмаса тал бойынан
Жапырақ – үміттерді үзбес еді...





Пікір жазу