28.11.2021
173
ҒҰМЫРЫМ – КҮРЕС
Жұмагүлге
Мені талай қырларымнан танисың,
Тағдырыңа өкінесің, налисың!
Шарт кетесің, болмаса ауыр күрсініп,
Шыдамыңды жігеріңе жанисың.
Болар жолым, болмас мүмкін – тәлейім,
Не болса да тек өзімнен көрейін.
Өміріме өзек болған үмітті
Сен ұқпас деп қалай жерге көмейін?!
Деп ойлама: байлықпенен өлшенем,
Бақытқа да бата алмайсың белшеден.
Алдымдағы ғұмырымның саналы,
Күрестерден тұрарына мен сенем.