28.11.2021
167
БІЗДІҢ ТАҒДЫР
Біз ойнайтын бір аспап – домбыра ғой,
сосын қалам, соларда орнығады ой.
Заманаға кей-кейде кектенесің
Шерліге ой сыйлаған сорлыға бой.
Өзімізді өнердің тіні көріп,
Тілімізден шығады қылық еріп.
Ақ пейілдің, жүректің арқасында
Ән мен жырдың жүрміз біз құлы болып.
Кенде қалып жатсақ та сан құрметтен,
Періштедей жебеп жүр ән-жыр көктен.
Өлеңінің өлгенше құлы болып,
Абай да өткен өмірден, Жамбыл да өткен.
Қаншама әуен көмейден созылмады,
Қаншама күй кеудеден қазылмады.
Осы болса несіне ренжиміз
Біздің тайқы маңдайға жазылғаны!