28.11.2021
147
КӨПІРЛЕР
Сапардың жол өрген
көрдік қой нешесін.
Шыққанда Кегеннен
көпірден өтесің.
Соқпақты жағалап,
Қол бұлғап бұлағы,
Осы өзен тау орап,
алдыңнан шығады.
Өтесің тағы да
Шегенді көпірден.
...Ауылды сағына
кезің көп өкінген.
Асудан асарда
өткел мол шығарын –
Көпірлер қашанда
еске сап тұрады.
Өтіңдер, өтіңдер,
көгерсін көсегең, –
дегендей көпірлер
жотасын төсеген.
Ел-жұртым елеңдер,
мен айтқан тілекке.
Ақ қанат өлеңдер,
көпір бол жүрекке!