28.11.2021
  123


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ӨРІМ

Жанарды жасқа бұлап,
жүрегім бір аунады:
Алматы аспанынан
әппақ қар қылаулады.
Ауадан шалына аттап,
кекілге дір қонады.
Қылау қар қазір әппақ,
Ал ертең
...кір болады.
Ғұмыры келте кешкі,
ақ қардың төзімі – қыл.
Бүгін – үр,
ертең – ескі,
Өмірдің өрімі бұл.





Пікір жазу