28.11.2021
484
ЖАРНАМА ЖАЙЛЫ 5 дерек
⠀
Жарнама дегеніміз – белгілі бір зат пен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті елге таныту, насихаттау, оларға деген сұранысты күшейту мақсатымен жарияланған хабарлама жиынтығы.
⠀
1. Жарнама әлемдегі ең маңызды және ең ықпалды өнер түрлерінің бірі деп танылған.
2. Жыл сайын әлем бойынша жарнамаға жұмсалатын шығын $500 миллиардты құрайды.
3. Тарихтағы ең алғашқы билборд 1900 жылы Америкада орнатылған.
4. Жарнама кезінде қолданылатын біраз айла-шарғылар бар. Мысалы, мұз кесектері еріп кетпеуі үшін акрилден жасалады, ал сусындағы көпіршіктер – ыдыс жуу құралының әсері. Сусыннан жарық сәулесі анық көрініп тұруы үшін оған кәдімгі су қосылады.
5. Америкадағы фармацевтикалық компаниялар зерттеу жұмыстарына қарағанда жарнамаға көбірек шығынданады.