Бауырым сол бір кез қайда?
Бауырым сол бір кез қайда?
Жалынды жүрек сөз қайда.
Көмескі көшкен көп күндер,
Денеңде дерт боп қоздайма.
Еске алсаң ескі заманды,
Еліңнің кегі қозбайма.
Бүйірі түскен Бозінген,
Ботасын жоқтап боздайма.
Қайырылма қайран уақыт,
Қайғыңды терең қазбайма.
Баяны жоқ бұл тірлік,
Бәрімізден озбайма.
Тұяғы бүтін тұлпардың,
Тағасы бір күн тозбайма.
Қанаты бүтін сұңқар құс,
Аспанда құлаш жазбайма.
Санаңды тілсе сан сауал,
Жаныңның оты маздайма.
Ащуға бойын алдырса,
Ақылдан адам азбайма.
Қынада қызыл көрінер,
Қызықтырсаң көз-майға.
Жиғаны арзан көрінер,
Иманы берік аз байға.
Малдыңда білсең оттауын,
Шалғынға салып аз байла.
Тіршілік үшін тырмысқан,
Тіріде пенде мәз қайда?
Атымтайға жолықсаң,
Алдымен қолын созбайма.
" Ердің ері екен "- деп,
Ақыреттік сөз байла.
Қылаңға қырын тигенде,
Қырып кете жаздайма.
Ұрыға ұрын тигенде,
Бурыл қайда, боз қайда.
Тіліңді қалқан қылған соң,
Етерсің елге сөзді айла.
Осының бәрін ойласаң,
Жан-дүниеңді қозғайма!!!