28.11.2021
  118


Автор: Аслан Ғафуров

Түйін!


Бұл өмірге келген адам,
Жабар бір күн қақпасын.
Мәңгілікке жерден адам,
Білер мекен таппасын.

Қолын жайып қайыр сұрай,
Аралайды жер бетін.
Қаңғып жүрген қайыршыдай,
Ұсқынсыз бір келбетім.

Мына өмір тоқтамайды,
Сағаттарың сырғиды.
Құйып беріп отқа майды,
Шайтан көші жылжиды.

Құр сүлдерім қалған сынды,
Жүрек сондай жігерсіз.
Ала-алмасам арман шыңды,
Болдырған деп білерсіз.

Жаратқаным жебеу болар,
Деп өзіңнен сұранам.
Қолтығымнан демеу болар,
Табылмайды-ау бір адам.

Ұшыраудан сақта Аллам,
Сенің қаһар, кәріңе.
Арман мұңым хатқа жазған,
Адамдардың бәріне!!!





Пікір жазу