24.11.2021
  2075


Автор: Шешендік сөздер

ЖЕТЕС БИДІҢ ТОҚТАМЫ

Төле би тоғыз жасында сексенге келіп отырған
Жетес биді іздеп келеді. Екі-үш күн қонақ болған соң,
Төле би қайта еліне жүрмек болғанда, Жетес би оған
бата береді. Сөзінің соңында:
19
— Балам, басқа бүйымтайыңды айта отыр. Бата
басқа бітер, қына тасқа бітер. Жолғ а шығып өкінбе,
а қылың болса төгілме, атамда бір сөз ңалды деп түкірме. Тағы немді ң алады ң ? — дейді.
Сонда Төле би:
— О, қасиетті ата! Ат берсеңіз — өліп қалады, тон
берсеңіз — тозып қалады. Онан да өлмейтін, тозбайтын
тағы бір бұйымтайымды айтайын,— дейді.
Жетес би:
— Әп, бәрекелде!.. Айта бер!— дейді.
Төле би:
— Әр он жастың арасын бір белес десек, соны неге
ұйғарып, неге баладыңыз?— дейді.
Сонда Жетес би:
— Онға келдім,— ойнадым, қызығына тоймадым.
Жиырма ғ а жеттім — бойладым, онда да балалыңты
қоймадым. Есейе келе жақсы сөзге сүйіндім, жаман
сөзге күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлу қызкеліншектерге шүйілдім, жауларыма түйілдім. Отызға
келдім — алтайы қызыл түлкі болдым: ңыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, ңатар
құрбының көңілін қалдырмадым. Ңырыққа келдім —
арғымақтай аңқылдадым, тау тағысындай саңқылдадым, аң алмастай жарңылдадым, ңұз қыранындай
шаңңылдадым, барымды жоң деп сарқылмадым. Елуге
келдім — биік ңырға шықтым, арғы жа ғының алысжа қынын байқамадым, дәулетімді шайқамадым. Алпысқа келдім — алты тарау жолғ а түстім; қайсысының алыс-жаңынын білмедім. Жетпіске келдім —
жеңілгенімді білдім, бала мен келінге билігімді бердім,
айтқанына көндім, айдауына жүрдім. Сексенге келдім — оң жа ғым от, сол жа ғым су, алдым жар, артым
ңұз; ңалай ңозғалсам да тірлік деп біле алмадым,—
депті.





Пікір жазу