24.11.2021
  8851


Автор: Шешендік сөздер

ӘНЕТ БАБА ӘҢГІМЕЛЕРІ

Шебер шешім, көркем сөздерімен халық арасында
шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдасжораларын ертіп, өзінің даналың, тапқырлың сөзімен
мәлім Әнет бабаға сәлем беріп, кәрі құлақты ңариядан
тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, тағлым алады екен.
Бірде сол әдетімен Әнет бабаның үйіне келіп түседі.
Ңарт бұрынғыдан әжептәуір қартайып қалса да, сыр
білдірмейді, Ңазыбектің жора-жолдастарын, өзін жаңсы ңарсы алып, мал сойғызып, қазан көтертеді. Сол
ауыл маңындағы қариялар, жайсаңдар жиналып
әңгіме-дүкен ңұрады.
Ертеңіне Ңазыбек жол жүруге қам жасап, сапар
алдында Әнет бабаға бір ауыз өсиет айтып беруін
өтініпті. Бірақ Әнет баба:
— Ңазыбекжан-ай, жасы келіп, ңартайған, қасынан
жар тайған, басынан мал тайған адамнан не кеңес, не
өсиет с ұ райсы ң ? — деп ештеңе айтқысы келмейді. Бірақ бірбеткей Ңазыбек шешен Әнет бабаның бір ауыз
ақылын тыңдамай еш жа қ қ а кетпейтінін білдіреді.
18
Сонда Әнет баба Қазыбек шешеннің бұл қылығына
күле қарап:
— Болмадың ғой, айтайын,— деп сәл ойланып,—
«әкім» деген сөзді жадыңда сақта,— депті. Қазыбек
Әнет бабаға ризашылығын білдіріп жора-жолдасын
қасына ертіп еліне қайтады. Ол жол-жөнекей өзімен
еріп келе жатқан нөкерлерінен:
— Әнет бабаның қандай өсиет айтқанын ұқтыңдар
ма?— дейді. Бірақ бұл сұрағына ешкім үндемейді. Сонда Қаз дауысты Қазыбек Әнет бабаның айтқан өсиетін
былай деп шешіпті:
— «Ә » дегені — әділ бол,
— «К» дегені — күншіл болма, көпшіл бол.
— «I » дегені — ілтипатты бол,
— «М» дегені — менмен болма, мейірман бол,—
дегені.
Әнет бабаның сол өсиеті ел арасына кең тарап,
ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалыпты.
* * *
Алдына сәлем бере және елді ынтымақтастыру
жөнінде келген Төлеге Әнет баба садақтың алты оғын
біртіндеп сындырып, екі бүктеп он екі шыбық етіп
ортасынан буып:
— Міне, енді сындырып көрші,— дейді. Төле бірден
бір буда шыбықты қалай сындырсын. Шыбықтарды
Әнет бабага қайтарып:
— Айып етпеңіз, бұл жұмбағыңызды түсінбедім,
Әнет баба,— депті. Сонда Әнет баба мынадай өсиет
айтыпты:
— Төлежан, ешқашанда өзімшіл болма, көптің айтқанын тыңда. Көптің айтқанын тыңдасаң, көп те сенің
айтқаныңды орындайды. Көп болсаңдар, өзара ынтымақта болсаңдар, сендердің белдеріңді де ешкім сындыра алмайды. Ал әрқайсың жеке-дара болып, ынтымақтарың жараспайтын болса, мына жеке шыбықтарды
сындырған секілді әркім-ақ бірліктеріңді бұзып, берекелеріңді кетіреді.





Комментарии

Айша
Айша 21.11.2022 13:17
Бары осы ма

Пікір жазу