23.11.2021
  298


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Қолда бардың қадірін білу

Қасыңдағы, ауыл-аймағыңдағы үлгі-тағылым, өнер-білімде өзіңнен мойны озық адамдарды қадірлей біл. Оларға құрметпен қара. Білімді адамдар мен ұлы адамдардың өте елеусіз, қарапайым болаты-


нын ұмытпа. Ешқашан да оларды: «кеше менімен бірге жүрген, бірге тұрған, атақ-абыройы мен мал-дүниесі маған жетпейтін» деп олар- дың даналығын, тапқырлығын, игілігін көргенде көрмеске салма, қызғаншақтыққа, күншілдікке бой алдырма. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ, қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай!» деп өкініп қалу- дан сақтан.


«Барында пара-пара, жоғында жүзі қара» дегеннің аяғын құшпа. Қолыңда бір жармақ болса да шүкірлік қыл. Соның өзін шексіз бай- лыққа балап үнемдеп, қадірлеп істетсең, соның өзі нысапсыз бен то- йымсыздың шексіз байлығынан мəнді болады. Қолда мал-дүние бол- са, «болған-толған деген осы» деп албаты шашып, орынсыз жұмсап ысырап қылма. Мал-дүниені үнемдеп жұмса. «Үнемшілдік – байлық- тың жартысы» деген даналықты есте берік сақта.


«Қолда бардың қадірін білу» дегендік ұрпақтарды өнер-ғылымды қадірлеуге; өнерлі, білімді адамдарды құрметтеуге; ұқыпты, үнем- шіл болуға; мал-дүниені өнер-ғылым жолына жұмсауға жетелейді. Жағымпаздықтан, мал-дүниеге бой ұрып, байлар мен шен-шекпенді- лерге табынушылықтан тыйып, биік өнер жолын қууға, қолда барды


 


қадірлеуге, кішіпейіл, əдепті, ибалы болуға, нысапты, тойымды болу- ға баулиды.


 





Пікір жазу