Туындылар ✍️
Туыс-туған, дос-жаранның қадірін білу
Есейген əрбір адам баласы туыс-туған, дос-жаранның – өзі үшін шексіз байлық, өлшеусіз рухани тірек екендігін жете ұғынып, «туыс- туған, дос-жараның – байлығың, сейілтетін қара бұлтын қайғының»
дегендейін, «туыс-туған, дос-жарандарымнан ерте айырма» деген ха- лық даналықтарын есте берік сақтай отырып, қамшының сабындай келте ғұмырда барша адам баласының бір-біріне қонақ екендігін жете ұғынып, əр жолғы дидарласу мен аман-сəлем жасасудың өзін бір ға- нибет біліп, бір-бірін қадірлеп, құрметтеп, сыйлап, қолдан келген кө-
мегін жасап отыру керек; аз күндік өмірде өзара аңдысып, дауласып- жауласып жүріп, бір-бірінен айырылып қалған күні: «əттеген-ай!» деп өкініп қалудан сақтану; басыңа бақ қонып, дəулетің мол кезде жат жандардың да маңайыңа құмырысқаша қаптап, басыңа іс түскенде тек туыс-туған, дос-жарандардың ғана қабырғасы қайысатынын ұмытпау; дос-жаран, туыс-туғаннан қол үзіп қалудан аулақ болу керек.
Бұл тəрбие ұрпақтарды бауырмалдыққа, береке-бірлікке, татулық- қа жетелеп, адамдарды, тасбауырлықтан, рақымсыздықтан, қатігез- діктен арылтып, адамдық сүйіс пеншілікті арттырады.